Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Конгоның шығысында M23 қозғалысының көтерілісшілері 300 адамды өлтірді

АСТАНА, 07 желтоқсан. M23 қозғалысының бүлікшілері өткен аптада Конго Демократиялық Республикасының (КДР) шығысында үкімет жариялаған бітімге қарамастан 300-ге жуық адамды өлтірді, деп France-Presse агенттігі  хабарлайды. Бұл туралы  РИА Новостиге  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Бұған дейін 122 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.
«Әңгіме 300-ге жуық қаза болған  адам туралы болып отыр, олар Кишише ауылының  қарапайым тұрғындары болған», — деп хабарлайды агенттік КДР өнеркәсіп министрі Жульен Палукуның сөзін келтіріп.
КДР  үкіметінің баспасөз-хатшысы Патрик Муяйяның айтуынша, қазір қаза болғандар жайлы толық ақпарат беру қиын, өйткені бұл аймақ «М23 оккупациясында».
France-Presse M23 қозғалысы жаппай кісі өлтіру туралы айыптарды жоққа шығарғанын атап өтті.
Қараша айының соңында Анголаның астанасы Луандада шағын саммит өтті, оған Конго президенті Феликс Чисекеди мен Руанда Сыртқы істер министрі Винсан Бирута қатысты. Келіссөздер барысында тараптар КДР шығысында атысты тоқтату туралы келісімге келгені хабарланды. M23 көтерілісшілері саммитке қатыспағанын және онда әзірленген келісімдерге қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Маусым айында Шығыс Африка елдерінің басшылары саммитте M23 қозғалысы содырлары белсенділік танытқаннан кейін Конго ДР-ның шығысындағы қақтығысты тоқтату үшін аймақтық күш құру туралы келісті деп хабарланған болатын. Киншаса Кигалиді көтерілісшілерді қолдады деп айыптады, Руанда тарапы бұл топпен байланысын жоққа шығарды.
Этникалық тутси азшылығының мүдделері үшін күресетін M23 қозғалысы 2013 жылы қарашада ауыр әскери жеңіліске ұшырағаннан кейін өзін-өзі таратып тастады. Алайда, 2021 жылдың қарашасында көтерілісшілер Конго Демократиялық Республикасының билігін қарусызданған M23 жауынгерлерін армияға қабылдауды қамтитын келісімдерді орындамады деп айыптап, қайтадан қару алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *