АСТАНА, 01 желтоқсан. Кристерссон жылдың басында күшіне енетін жаңа террор заңын жаздан бұрын іске қосатындарын айтты, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон жылдың басында күшіне енетін жаңа террор заңын жаздан бұрын іске қосатындарын айтты.
Ульф Кристерссон елінің «TT» ақпарат агенттігіне жасаған мәлімдемесінде 28 маусым күні НАТО Мадрид саммитінде Түркия, Финляндия және Швеция қол қойған үш жақты меморандум аясында Стокгольмде өткен екінші ортақ механизм жиналысын бағалады.
Жиналыстың сәтті өткенін айтқан Кристерссон «Түрік тарапы бірінші рет қанағаттанғанын ашық білдірді» деді.
Кристерссон терроризм туралы жаңа заңға сілтеме жасай отырып «Осы жылдың басында енгізілетін және террор ұйымдарына қатысуға тосқауыл болатын террор заңының орындалуы жаздан бұрын басталады. Швеция Түркиямен жасалған келісімді атқаруды жалғастыруда» деген сөздер қолданды.
Енді бір жағынан Швеция Сыртқы істер министрі Тобиас Биллстрем Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу және Финляндия Сыртқы істер министрі Пекка Хаавистомен кездесті.
Кездесуден кейін мәлімдеме жасаған Биллстрем «Кездесу өте сәтті өтті» деді.
НАТО келіссөздерінде ілгерілеушілік болғанын айтқан Биллстрем «Мұны кеше Бухарестте кездескен басқа әріптестеріміз де мақұлдады. Жақында Түркияға барып, Сыртқы істер министрі Чавушоғлумен кездесемін. Онда көптеген мәселелерді талқылауға мүмкіндік болады» деп көрсетті.