Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ниццадағы шабуылға қатысқан сегіз айыпталушыға үкім шығарылды

АСТАНА, 16 желтоқсан. Сейсенбі күні Париждің арнайы соты Ниццадағы терактілерге қатысы бар деп айыпталған сегіз адамды 2 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырды, деп  Euronewsке   сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

2016 жылдың 14 шілдесінде Мұхамед Бухлел полиция қызметкерлері оны атып үлгергенше жүк көлігін Англиялық жағалауында жиналған халыққа бағыттап соққан. Салдарынан 86 адам қаза тауып, 400-ден астам адам жарақат алды.  Сот процесіне 2500-ден астам адам талапкер ретінде қатысты.

Ең қатал үкім – он сегіз жылға бас бостандығынан айыру – қылмыстық террористік  қоғамдастық құрды деп айыпталған Чокри Шафруду пен Мохамед Грайебке шығарылды. Тергеу мен соттың мәліметінше, олар теракт жасаған 30 жастағы тунистік азаматпен тығыз байланыста болған және оның қылмыстық жобасын әзірлеуге және жүзеге асыруға жәрднмдемкен.

Үшінші айыпталушы Рамзи Арефа «терроризм» квалификациясы жоқ қылмыстық қоғамдастық және қару-жарақ саудасы үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған бес айыпталушы сол баптар бойынша екі жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

2016 жылы 14 шілдеде Ниццада болған терактіге жауапкершілікті «Ислам мемлекеті»* тобы өз мойнына алды.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйым

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *