Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мемлекеттік департамен американдарға Иордания,Мысыр мен Малиге жол жүру қауіпті екенін ескертті

Астана. 24 желтоқсан. АҚШ Мемлекеттік департаменті өз азаматтарын террористтік топтардың белсенді әрекеттеріне байланысты Иордания,Мысыр,Малиге жол жүру қауіпті екенін ескертті.Бұл туралы жұма күні мекеменің сайтында жарияланған мәлімдеулерде айтылған деп ТАСС хабарлайды.

«Мемлекеттік департамент Иорданияның бүкіл территориясында әрекет жасайтын террористтік топтардан түсетін қауіптерден, бұл елге жолға шығу қаупі туралы АҚШ азаматтарына ескертеді. «Ислам мемлекеті» (ИМ, Қазақстанда тыйым салынған) бұл елде шабуыл ұйымдастырып шапқыншылықтарды жалғастырып отыр»,делінген мекеме хабарламасында.

Осындай хабарлама Мысыр еліне жол жүру жайында да таратылған. «Қауіпсіздік шаралары тұрғысынан Мысырдағы АҚШ уәкілдігі дипломатиялық қызметкерлерге Ливия шөлі, Синай түбегінің Шарм-эш-Шейх теңіз курортының шегінен тыс  жол жүруге тыйым салады және де  АҚШ азаматтарына бұл аймақтарға барудан бас тарту керек»,екені айтылған.

Сонымен бірге,Малиде террористтік қауіппен қатар криминогендік жағдай да нашарлады. «Бүкіл мемлекет бойынша шабуылдардың қаупі өте жоғары болып тұр. Батыс елдері азаматтарының баратын жерлері шабуыл объектілері болып қала береді», — деп мәлімдемеде айтылған.

Дереккөз: ТАСС

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *