Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Германия полициясы Берлиндегі терактке қатысты тергеу аясында тінту өткізді

Берлин. 4 қаңтар. Германия полициясы Берлиндегі рождестволық базарда болған терактке қатысты босқындар орталығында мен пәтерлерде тергеу аясында тінту жүргізді,деп Рейтерге сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.

Агенттіктің ақпараты бойынша тергеушілер 26-жасар Тунис келімсегінің үйінде тінтү өткізді,ол болжам бойынша тереактті жасаған Анис Амриді 2015 жылдың сонынан танитын және де теракт алдында онымен байланыста болған.

«Осылайша,күдікті Анис Амридің жоспарларың біліп,мүмкін оған көмек те көрсеткен болатын деген күдіктер бар»,-деп прокуратураның мәлімдемесін агенттік жариялады.

Сонымен бірге тергеушілер,тінту болған пәтерде Амридің пәтер бойынша бұрынғы көршісі тұрған деп санайды,ол да шабуылға дейің лаңкестерге қосылды.

Прокуратурада айтылғандай тінтулер терактке дейін және одан сон Амридің жүріс-тұрысы туралы көбірек ақпарат жинау үшін өткізілді.

Теракт бойынша тергеу туралы жаңа ақпаратты прокуратура,4 қаңтар сәрсенбі күні күндіз береді.

Еске сала кетсек,19 желтоқсан күні жүк көлігі Берлин орталығындағы рождестволық базарда жиналған адамдарға соғылып,сонын салдарынан 12 адам қаза тауып,48 ауруханаға жеткізілді.Германия билігі бұл теракт екенің мәлімдеді.

«Ислам мемлекеті» террористтік тобы шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды.

Терактті жасады деген күдікпен 24-жасар Анис Амри ресми түрде іздестіруге жарияланған. Жұма күні, 23 желтоқсанда Милан қаласынын жанында полициямен болған атыста өлгені белгілі болды.Апенниныға Тунис келімсегі Франциядан келген.

ДереккөзРИА Новости

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *