Бағдад. 6 қаңтар. Ирак астанасы Бағдадта бірнеше жарылыс болып, 27 адам қаза тапты.
Алдымен көлікке жасырылған бомба базардың қасында іске қосылған. Осыдан кейін шаһардың орталығындағы тексеру бекеттерінің бірінің алдында жаңа лаңкестік жасалды. Бұл жерде де көлікке тығылған жарылғыш зат атылған. Шабуылдарды әлі ешқандай топ мойнына алған жоқ. Дегенмен полиция шабуылдарды «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» жасады деп отыр.
Ал өткен аптада шаһарда лаңкестік әрекеттерден 60-тан астам кісі көз жұмған.
Дереккөз: Хабар 24