Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Бірлескен өзбек-ауған жобалары содырлармен күресіп, жұмыс орындарды құруға көмектеседі

Ташкент. 6 қаңтар. Бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсартып, жұмыссыздықпен күресіп, радикализацияны болдырмау,шекарадағы қауіпсіздікті қамсыздандыру үшін Ауғаныстан мен Өзбекістан экономикалық ынтымақтастықты күшейтіп жатыр,деп мамандар мен үкімет мәлімдейді деген ақпаратты Каравансарай таратты.

«Экономикалық ынтымақтастықтын дамуы Ауғаныстандағы біздің елдің саясатының басты векторы болып саналады»,- деп «Каравансарайға» Ташкенттегі Өзбекістандық шығыстану институтының ғылыми қызметкері Отабек Хайиткулов айтты.

Желтоқсанның 26 Ташкентте сауда,көлік және энергетика бойынша бірлескен комиссияның екінші отырысы болды, онда Ашрафа Гани Ауғаныстан президентінің аға кеңесшісі Хумаюн Каюми ауған инфрақұрылымды салушы Өзбекістан туралы жағымды айтты.Оның сөзінше экономикалық ынтымақтастық үшін екі елдін де үлкен әлеуетері бар.

Бүгінгі күні ауғандарда Өзбекістандағы 70 коммерциялық жобаларында үлесі бар,соның ішінде 20-сының 100% үлесі бар.Көбінесе бұл жобалар қызмет пен сауда саласына жатады,және де құрылыс материалдарын шығару.

Ауған президентінің ТМД елдерімен ынтымақтасудын арнайы өкілі Шакир Каргар 2 желтоқсан күні «Ариана-ТВ» телеарнасына берген сұхбатында Өзбекістан ауған жобаларына,соның ішінде энергетикалық,ауылшаруашылық, кен игеру жобаларына және де Саланг үңгіртауының жөндеуіне инвестиция жасауға дайын екенің айтты.

«Бұл жобалар Ауғаныстан тұрғындарына мыңдаған жұмыс орындар берер еді»,- деп Каргардан Afghanistan.ru дәйексөз алды.

«Өзбек өкіметі, соның ішінде сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов пен президент Шавкат Мирзиёев 2016 жылы… Өзбекістан ауған сұрағынын бейбіт түрде шешілуін жақтайтынына ерекше көңіл аударып отырған»,-деп Хайиткулов айтты.

Радикализациямен күрес

Ауғаныстандағы инфрақұрылымдық жобаларды қолдау туралы Өзбекістанның жоспарлары жұмыс орындарының, әсіресе елдің солтүстік жағында,пайда болуына апарады.

Желтоқсанда «Азия» қорымен жарияланған, Afghan Survey 2016 деректері бойынша, жауап алған ауғандардың 71,2% жұмыссыздықты ел жастарының ең үлкен міселесі деп ойлайды.

«Экстремизм мен радикалды идеялар (Ауғаныстанда) соңғы қырық жылда өршіп келеді»,- деп Бішкектегі ЕҚЫҰ Академиясының зерттеуші Мухаммад Идрис «Орталық Азияда мен Ауғаныстандағы қатал экстремизм мен радикализация» атты қыркүйекте жарияланған монографиясында айта кетеді. «Олардың өркендеуіне кедейлік,әлсіз билік,жұмыссыздық, жемқорлық пен сауатсыздық сияқты факторлармен бірге әр түрлі факторлар ықпал етеді».

Алайда жұмыссыздықппен күрес «жастардың сенімділігіне жетуге көмектесіп,ел дамуындағы өз рөлін атқарады»,-деп Идрис жазды.

Шекарадығы қауіпсіздік

Екі елдің арасындағы ынтымақтастық шекара қауіпсіздігіне де қатысты,әсіресе Өзбекістан халықаралық қоғамдастықты Ауғаныстанның солтүстігіндегі экстремисттер санының өсуі туралы ескерткеннен соң.

Ауған күштері үнемі содырларды солтүстіктегі базалардан шығарып не оларды жою операцияларын өткізіп тұрады,алайда қауіп қалады.

«Өзбекістан қауіпсіздігіне Ауғаныстанның солтүстік провинцияларында ахуал бірқалыпты және бейбіт болғаны маңызды»- деп «Каравансарайға» ташкент политологы Валерий Хан айтты.

«Екі елдің саудасының дамуының басты қаласы Мазари-Шариф, дәл осында Ауғаныстан мен Өзбекістанды қосатын темірж жол желісі салынған»,- деп 75-шақырымдық Хайратаннан Мазари-Шарифка 2011 жылы Өзбекістан салып қолдана бастаған тармақ туралы Хан айтты.

«Көрші мемлекетте Өзбекістанмен жасалған ең көлемді жоба»,-деп айта кетті.

ДереккөзКаравансарай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *