Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қырғызстан мен Қазақстандағы радикалды исламдану

Астана. 13 қаңтар. 25 жыл ішінде Қазақстан мен Қырғызстан өкіметі тек қана діни иституттарды жаңартып қана емес сонымен бірге экстремисттік топтардың өсіп өрбуге шама берді.Енді республиканың саяси күштері арасында халифат — теократикалық мемлекет құруда жарқын болашақты көргендер де бар. Қазақстан мен Орта Азия республикаларында «радикалды исламдану» қалай болғанын «Лента.ру» анықтады.

«Бақсылар өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ»

Қазақстан мен Орта Азиядағы агрессиялық ислам ағымдарының жақтаушыларын жиі кей дәстүрлерден ауытқып кеткен деп сөгеді,сондықтан бұл дәстүрлердің бастауын түсіну керек.Ислам орталықтарымен тарихта Бұқара мен Самарқанд болған. Бұл Бұқара әміршісіне өзің діншілдердің әмірі деп атануға құқық беріп, көрші мемлекеттерден айрықша құрметті талап еткен.Ислам мәдениетінің орнатуының басқа бастамашысы,мысалы қазіргі Қазақстанда….ол ресей билігі. Орынбор мүфтияты (діндарлардың ресми бірлестігі) XVIII ғасырдан бастап қазақ даласында исламды уағыздай бастаған. Уағыздаушылардың жұмысы аса сәтті болмаған еді,өйткені XIX ғасырдың 60 жылдары шығыстанушы,қазақ нәсілді ресей Бас штабының офицері Шоқан Уалиханов «мұсылмандық біздің қанымыз және сүйегімізге сіңген жоқ» деп мойындаған. «Қазақ даласының көптеген жерінде бақсылар әлі өз маңыздылығын жоғалтпаған»,-деп жазған.Америкалық саяхатшы және дипломат Юджин Скайлер де XIX ғасырда қырғыздар тек қана «номинальды ғана мұсылмандар,олар мусылман дінінің салт жораларын білмейді»,-деп белгілеген.

Совет үкіметі кезінде белгілі себептермен исламның таралуы тоқтатылды. Алайда, атеизмнің насихаттауына қарамастан,Ташкентте 1943 жылдан бастап Ортаазиялық мұсылмандарының діни басқармасы (ОМДБ) жұмыс жасаған.Оның басшысы Қазақстанды қосқанда, бес кеңес республикасының мүфтиі болды. ОМДБ діни бірлестіктердің әрекеттерің басқарып, КСРО-дағы жалғыз ислам оқу орны — Бұқарадағы Мир-Араб медресесі мен Ташкент ислам институтын басқарған.Бұқара мен Самарқанд аумақтағы дағдылы ханафит мазхабынын тралуынын тарихы орталығы болған. Ташкент пен Бұхараны атеист мемлекетте «ислам витринасы» деп атаған.

Ислам мәдениетінің астанасы

1990 жылдары біртұтас Діни басқарма бес жеке-жеке мүфтиятқа ажырап қалды.Басқа мемлекеттер өкіметі Ташкент билігінде осындай салмақты, аумақтың бүкіл діндарларына ықпал ететің мүмкіншілікті қалдырғылыры келмей,сондықтан қысқа уақытта өз Мұсылман діни басқармаларын құрып,исламды жаңғырта бастады.

Бес мемлекетте саяси және көпшілік алаңына исламның қайтып келуі әр турлі болды.Тәжікістанда 1992 жылы исламшылдар қосылған, зайырлы қоғам мен оппозиция арасында азаматтық соғыс басталды. Республика мүфтии Ходжи Акбар Тураджонзода билік қарсыластарының жағында болды.1997 жылы соғыс аяқалды,бірақ екі жақ арасында жасалған достық бітім жанжалды тоқтатпады.Келесі жылдары Душанбе фундаменталшы деп есептелген қарсыластарын ығыстыры берді.2015 жылы республикада Ислам жандану партиясына тыйым салынды.

1

Сурет: Reuters

Көршілес Өзбекістанда исламшылдар билікті жаулап алғысы келді,алайда Ташкент тез арада экстремисттердің басшыларын елден шығарып жіберді.Республика шегінен тысқарыда олар Өзбекістанның (Түркістанның) ислам қозғалысы (ӨИҚ) болып құрылды.ӨИҚ – террористтік ұйым болып танылып, РФ тыйым салынған.1999 жылы ӨИҚ содырлары Тәжікістан аумағынан Қырғызстанның Баткен ауданына шабуыл жасады,бірақ Өзбекістан әскерлерінің қатысуымен ол жақтан шығарылды.КейінАуғаныстанда ӨИҚ РФ тыйым салынған Талибандарға қосылып,2002 жылы Бішкекте, 2003 жылы Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош қаласында теракт ұйымдастырды.Ташкент мемлекет ішіндегі экстремисттермен күресті жалғастыра берді,қоғам республика билігің дін ұстану еркіндігің шектеген деп мінесе де,ислам әлемінде Өзбекістанның беделі жоғары болып қала берді. Ал 2007 жылы мұсылман БҰҰ деп аталанатын Ислам конференциясы ұйымы Ташкентті ислам мәдениетінің астанасы деп таңдады.

Уағыздаушылар мен діншілдер

Қазақстан мен Қырғызстанда өзгеше болды: мемлекет исламды «коммунизм құраушылардың моралды кодексің» жарым-жарты алмастырылуы деп қабылдады. Бішкек пен Астана құлшыныспен діни дәстүрлерді «тірілте» бастады.Қырғызстанда 1991 жылы мешіттер саны 39 аспады,ал жеті жылдан сон жүздеген,ал 2012 жылы 1800 жуық болды.2000 жылдар басында Қырғызстанда ондаған медресе болды,дін мамандарын Пәкістан,Сирия,Сауд Арабия,Біріккен Араб Әмірліктерінде дайындаған.

Қазақстанда 90-шы жылдары мешіт саны бірнеше ондықтан бес мыңға дейін өсті.Алматыда Ислам институты ашылды,дін мамандықтарын игеру үшін ондаған студенттер Түркия мен араб елдеріне барған.1993 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр елімен республикада Египет ислам мәдениеті университетінің құруы туралы келісті.Жиырма жыл шамасындай өтсе де, 2010 жылы Сауд Арабиясының ислам мәселері бойынша министр кеңесшісі Маджид бен Абдель Азиз бен Насер Аль Турки Астана «көптеген жылдар бойы кеңес басқыншылығында болса да ислам мәдениеті мен өркениетінің бөлшегі болғысы келетінің көрсетті» деп белгілеп кетті.

XXI ғасырдың бірінші онжылдықтың аяғында Қазақстан мен Қырғызстан билігі дін таратушылар мен діншілердің санынын өсуінің жағымсыз кері ісерлері бар екенін көз жеткізді:уағыздаушылар мен діншілердің көбі мемлекеттік биликті жақтырмайды екен.Кейбіреулері бұрынғы кеңес республикалардан халифат құрғылары келген. «Салынып жатқан мешіттердің спонсорлары қырғызстандықтардың діни ағартуларына жәрдемдескісі келгеніне сендіру,ең кем дегенде аңқаулық»,- деп журналист Фарангис Наджибулла атап кетті. Ресми түрде «дәстүрлі емес ағымдардың қолдаушылары» деп аталғандар биліктің бақылауындағы ресми діни құрылымдарынсыз да бола берген. «Қолдаушылар» жансызда тіркелмеген мешіттерде жиналып,Пәкістандағы экстремистер лагеріне оқұға барып тұрған.

«Ең бірқалыпты — ханафи мазхабы Орталық Азия үшін дәстүрлі ағым.Оның қолдаушылары зайырлы мемлекетпен дауласпайды,басқа дінді ұстанғандармен жақсы қарым-қатынаста.Бірақ кейбір шетел миссионерлері көптеген араб елдерінде таралған ханбал мазхабын ұсынады.Оны уағыздаушылар парасатты мағынасы мен жөнділігіне (истихсан) емес, Мұхаммед пайғамбардың өмір баяндары сипатталған әңгімелерге — Сүннетке (хадистарға) үміт артады.Сондықтан оларға зайырлы мемлекетте өмір сүру қиынға түседі»,- деп «Лента.ру»-ға Орта Азия бойынша маман,Қазақстан-неміс университетінің профессоры Рүстам Бұрнашев түсінік берді.

«Не істесе де,өз ойлары»

Жақында ғана «ислам ренессансын» әлпештеген мемлекет басшылары мазасыздық белгілерің таныта бастады.Кенеттен рухтандырушылық жылдар бойы біртүрлі орнатылғаны анықталды.2011 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республиканы діни экстремизмнен қорғауға шақырып, елде әртүрлі ағымдарды уағыздаушылардың емін-еркін әрекет етуіне ашуланды. «Барлығын неге бос ұстаймыз? Не істесе де,өз ойлары.Кім келгісі келсе де, келе береді»,-деп мемлекет қызметкерлерің айыптады.

2

Сурет: Владимир Пирогов / Reuters

2014 жылы Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев республикадағы радикалды исламдану керек емес,керісінше – билік онымен күресу керек деп айтты. «Қырғыз еліне басқалардың киімің,тілің,дәстүрің таңбаныздар!» — деп мемлекет басшасы «жеке» ағым уағыздаушыларына сөз жолдады.Мемлекетте болған оқиғаларға қарасақ уағыздаушылар президент сөзіне құлақ салмады. Оған қоса Қырғызстанда «исламның радикалды ағымдарының, сонын ішіде ваххабизм деп аталатын, салафит ағымын ұстанушылар ықпалымен қоғамнын исламдану процессі өтіп жатыр», деп сарапшылар белгіледі.

Алайда, мемлекет қайраткелері діни экстремисттер бірнеше жылдар бойы күнәдан арылтышу әңгімелер жүргізіп қана емес,мемлекетке қару мен шыққан кезде ғана байқап қалды.

Теракттар хроникасы

Көрнекі болу үшін экстремисттердің бірнеше шабуылдарын есімізге түсірейік. 2010 жылы Бішкекте харылыс болды,төрт адам жарақат алды, «Жайшуль Махди» тобы жауапкершілікті өз мойнына алды. Келесі жылы бұл топтың содырлары үш милиционерді өлтіреді. Қазақстанның Тараз қаласында (бұрынғы Жамбыл) 2011 жылы «исламшылдықтың ізбасары» Мақсат Қариев қырғын жасаған: дәйекті түрде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) екі қызметкерің өлтіріп,кейін көлікті жаулап алып, қару-жарақ дүкенінде күзетші мен келушіні өлтіріп, оны тонады,кейін гранатаатқыштан ҰҚК ғимаратына оқ атты,оны құрықтау кезінде полицеймен бірге өз-өзін жарып өлтірді.Сол жылы Ақтөбеде әлдебір Рахымжан Махатов ҰҚК ғимаратының алдында өз-өзін жарып өлтірді;кейін жанкешті лаңкес Астанадағы ҰҚК изоляторының алдында көлікті жарды.Сол 2011 жылы Ақтөбе облысындағы Шұбаршы ауылында екі полицейді атып өлтіріп,ал шабуыл жасағандарды құрықтау кезінде арнаулы күштер сарбазы қаза тапты.

3

Сурет: Reuters

Экстремисттік қаупі жылдар бойы үдей түсті.2016 жылдың маусымында Ақтөбе экстремисттері лаңкесттік шабуыл жасады:төрт жергілікті тұрғындарды,үш құқық қорғау органдарының қызметкерлерің өлтіріп,сыбайластарын босату үшін көршілес колонияға бет алды.Қауіпсіздік бөлімшесі сол кезде 18 содырдың көзің жойды.Бұл терактта Назарбаев салафиттерді айыптады.

4

Сурет: Телеканал КТК

Халифат — ақ арман

«Дәстүрлі емес ағымдардың» уағыздаушылары жаңа мемлекет құрамыз деп өз алдарына өр мақсат қойып – орта таптар мен әлеуметтік төменгі топтарға ғана емес,олар билік арасында да жақтаушыларды белсене іздеген.Қазақстан мен Қырғызстанда мүфтият пен жоғары шенді шенеуніктерді экстремисттермен байланыстары бар деп немесе оларды қорғаушылығымен айналысады деген айыптаулар болды.Қазақстанда басты арнайы қызмет басшылығын –ҰҚК салафиттерді қолдады деп айыптаған.БАҚ Қазақстандағы қораншылардың- дәстүрлі емес ислам ағымын уағыздаушылардың бірі республиканың президент әкімшілігінің бұрынғы басшысының ұлы деп хабарлаған.Осындай айыптарды дәлелдеу немесе жоққа шығару өте қиын,алайда әртүрлі уағыздаушылардың әрекетіне көз жұма қарағанда «керекті байланыстар» жоғары шендермен орнатылды деп болжауға болады.Осынын бәрін жиһадқа деген рекруттер ағымы болмаса,елдердің ішкі үдерістеріне жатқызуға болар еді:Орта Азия мен Қазақстаннан Таяу Шығыстағы соғысқа әлгінде бейбіт тұрғындар кете бастады.

Исламнын «жандану» кезінде Қазақстан мен Қырғызстанға астыртын діни экстремисттер келді деп белгілеуге болады.Тұрақты діни дәстүрі жоқ елдерде жойылған идеологияның орнына «рухани біріктіргіш» жасау қоғамның әр топтарындағы радикалды неофиттердің пайда болуына әкеліп соқты. Жарқын болашақты халифатта — теократтық мемлекетте,көретіндер де құрұға дайын болды.

Ахмед Сейидов

ДереккөзЛента.ру

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *