Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Молдалиев: Дааваттар уағыздармен аулаларды аралап жүрмеу керек

Астана. 1 қаңтар. Өткен аптада Мәскеуде «Таблиғи жамағат» діни ұйымының жеті мүшесі ұсталды,көбі Қырғызстан азаматтары болып шықты.Ресей мен Орта Азия елдерінде,Қырғызстаннан басқа ұйым әрекеті ресми түрде тыйым салынған.

«Таблиғи жамағат» деген не білдіреді,басқалардан не айырмашылығы бар,тыйым салынған басқа елдерде өз әрекетін қалай жүргізеді? Бұл сұрақтарға «Азаттыққа» берген сұхбатында Қырғызстан Республикасының дін сұрақтары бойынша Мемлекеттік комиссияның бұрынғы директоры Орозбек Молдалиев жауап берді.

«Азаттық»: «Таблиғи жамағат» мүшелері – олар кімдер,өздерің қалай ұстайды?

Молдалиев: «Таблиғи жамағат» — бұлар Қырғызстанда дааваттар деп белгілі адамдар қауымы. Олардың уағыз өткізу тәртібін реттейтін ішкі құрылымы мен ережелері бар.Елімізде бұл ұйым ресми тіркеуден өткен жоқ.

«Таблиғи жамағат» өз әрекетің Қырғызстан аумағында ел тәуелсіздік ағалы бастады.Бүгінгі күні олардың еліміздің бүкіл өңірлеріңде жақтаушылары бар.Қазақстанда тыйым салынғаннан кейін ұйымның кейбір мүшелері Қырғызстанға көшіп кетті.

«Азаттық»: Посткеңестік аланында Қырғызстан «Таблиғи жамағаттың» әрекетіне тыйым салынбаған жалғыз ел.Кеңестің бұрынғы елдері оның әрекетіне неге тыйым салды,қандай қауіп-қатер әкелуі мүмкін?

Молдалиев: Ресей елінің мысалында діни қайраткерлердің өздері ұйым жағынан келетің қауіптің жоқ екенің мойындағанын айта аламын.Қырғызстандықтарға алғыс айтқандары да болды.

Бұл туралы Ресейдегі мықты ислам зерттеушісі,РҒА шығыстану институтының басшысы Виталий Наумкин де айтқан.КСРО кезінен бастап исламды зерттеп жүр. «Таблиғи жамағат» туралы бір де жағымсыз мәлімдеме болған жоқ.

Бұл ұйымның әрекеті туралы ғалымдардың пікірлері бірікпейді.Батыста оны сынайды,кейбіреулері қауіп-қатер әкелуі мүмкін деп те ойлайды.

«Азаттық»: Қырғызстанда да «Таблиғи жамағат» туралы да қарама-қайшы пікірлер бар шығар?

Молдалиев: «Таблиғи жамағаттың» әрекетіне тыйым салу қиын емес. Құқықтық мемлекет болғаннан сон, жай ғана тыйым сала алмаймыз – бұл үшін негіздеме керек.Сонымен қатар, Қорғаныс кеңесінің отырысында «Таблиғи жамағатты» ханафи мазхабының идеяларын таратуға шақырды.Бірақ олардың арасында ислам туралы түсініктері жоқ адамдар да бар.Сол себепті республикада «Таблиғи жамағатты» мүшелерің оқытатын төрт орталық ашылды.Мүфтият түсіндіру жұмыстарын жүргізіп,содан кейін ғана олар даават жасайды.Бұл салада жақсы жұмыс басталды деп ойлаймын.

Сонымен қатар оларға пәкістан стиліндегі киимдерді киюге тыйым салынған.Киім үлгісін мүфтият тандайды,олар қырғыз ұлттық стилінде ғана жасалған.Енді олар дааватқа ұлттық оюлары бар қалпақтар мен киімдерде жіберіледі.Және де даават тек қана мешіттерде ғана болады,бұрынғыдай көше аралап жүрмейді.

«Азаттық»: «Таблиғи жамағаттың» әрекетің Қырғызстан мүфтияты өз бақылауына алды деп айтуға болады ма?

Молдалиев: Мүфтиятқа  «Таблиғи жамағаттың» әрекетің өз бақылауына алуға мүмкіндік бар.Бұл үшін қазылар мен имамдардың білім денгейі жоғары болуы керек.Түсініспеушілік болған жағдайда даулар да болады.Бұл үшін мүфтияттың даават бөлімшесі үздіксіз түсіндіру жұмыстарын өткізіп отыруы керек.

Дереккөз: Радио Азаттык

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *