Стамбуль. 17 қаңтар. Түркия қауіпсіздік қызметі Ыстамбұлда Жаңа жылда түнгі клубқа шабуыл жасаған террористі ұстады.
Ол Абдулгадир Машарипов есімді Өзбекстанның тумасы болып шықты деп хабарлады NTV телеарнасына сілтеме жасап, РИА Новости.
Телеарнаның құқық қорғау органдарындағы дереккөздерінің мәліметінше, террористі ұстау операциясы дүйсенбі күні кешке Ыстамбұлдағы Эсенъюрт ауданында болған. Машарипов Қырғызстаннан келген сыбайласының үйінде жасырынып жүріпті. Ол жерге үш күн бұрын көшіп келген екен. Полиция шабуылы кезінде лаңкес қаруын қолданып үлгермеді.
Еске сала кетелік, Жаңа жылда Ыстамбұлда Санта-Клаус боп киінген адам 39 адамды атып тастаған еді.
Дереккөз: 365info.kz