Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қырғызстанда терроризм күдігімен екі адам ұсталды

Бішкек. 25 қаңтар. Қырғызстан билігі террористік топтың мүшесі деген екі күдіктінің жалған 56 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшамен ұсталғанын Азаттық Радиосы хабарлады.

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) қаңтардың 25-і күні хабарлауынша, аты-жөні жарияланбаған күдіктілер 20 қаңтарда ұсталған. Арнайы қызмет олар ұстап жүрген жалған банкноттардың Түркияда жасалғанын айтады.

МҰҚК Стамбулда тұратын екі қырғыз азаматы Мансур Суванов пен Ильяс Сабировтың ұсталған екі адаммен байланысы бар деген күдікке ілінгенін айтады.

Сабировқа Қырғызстан билігі өткен жылы Бішкектегі Қытай елшілігіне жасалған террорлық шабуылға қатысы бар болуы мүмкін деген күдікпен іздеу жариялаған.

2016 жылы 30 тамызда жанкешті көлігімен елшілік қақпасын бұзып кіріп, жарылыс жасаған. Шабуылдан үш адам жараланған.

Дереккөз: Азаттық Радиосы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *