Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Германияда ИМ болжалды мүшесін қолға түсірді

Берлин. 7 ақпан«Ислам мемлекеті» (ИМ, Қазақстан мен басқа елдерде тыйым салынған) лаңкестік топтың болжалды мүшесі Германияның шығысында ұсталған, деп ГФР бас прокуратурасының баспасөз қызметі сейсенбі күні хабарлады.

Тергеушілер қолға түскен 31 жастағы Акрам А Сириядағы ИМ аумағындағы бақылау өткізу пунктінде жұмыс істеген, сонымен қатар әйелге зорлық-зомбылық көрсетті деп күдіктенеді

«2016 жылдың басында Сирия азаматшасы балаларымен бірге «Ислам мемлекеті» аумағынан қашып кетуге тырысқан. Күдікті азамат оны бақылау өткізу пунктінде тоқтатып, «шығу құжаттарын» дайындау сылтаумен ғимаратқа алдап әкеліп, оны зорлады», — деп РИА Новостиге келіп түскен хабарламада айтылған.

Сәрсенбі күні күдікті аймақтық сот алдына келеді, сол жерде күдіктіні қамауға алу туралы және іс жүргізу туралы шешім қабылданады.

ДереккөзРИА Новости

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *