Алжир. 27 ақпан. Алжирлік Константин қаласынның орталығында жарылғыш зат іске келтірілді, бұл туралы TSA Algerie сілтеме жасай отырып «Коммерсант» хабарлайды.
Жаңалық порталының ақпаратына сәйкес, жанкешті лаңкес полиция участкісіне кірмек болған, бірақ оған құқық қорғау мекемесінің қызметкерлері кедергі жасады. Полицей қызметкерлері қылмыскерге қарсы оқ атты, бірақ лаңкес жаңкеш белдігін іске қосып үлгереді. Жарылыстан үш полиция қызметкері жарақат алды. Sky News Arabia телеарнасының мәлімдеуіне сәйкес террорист бұған дейін де полицияға шабуыл жасаған.
Дереккөз: «Коммерсант»