Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақтөбеде «терроризм туралы жалған хабар таратқан» зейнеткер сотталды

Актобе. 24 ақпан. Ақтөбе қалалық соты 23 ақпан күні «терроризм актісі туралы жалған хабар таратты» деп айыпталған 69 жастағы зейнеткер Жақсылық Батановқа екі жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп «Азаттық Радиосы» хабарлайды. Бірақ ол бірден рақымшылыққа ілігіп, тағайындалған жазаның жартысы қысқартылды, одан бөлек үй қамақта отырған үш ай мерзімі де екі жылдық жазадан шегерілетін болды. Осылайша Жақсылық Батанов түпкілікті 10 ай 16 күндік жазасын қоныс колониясында өтейді.

Зейнеткер Жақсылық Батанов қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша айыпталған. Мемлекеттік айыптаушы Асылхан Сәрсеновтің сөзіне қарағанда, Жақсылық Батанов 2016 жылғы 11 қараша күні өз үйінен Ақтөбе қалалық электр желілері мекемесі – «Энергосистема» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне хабарласып, ғимаратқа бомба қойылғанын айтқан.

«Жақсылық Батанов өзі бұрын еңбек еткен ұжымға өкпелі болған, әрі ол терроризм актісі туралы хабарлар алдында ішімдік ішкені де анықталды. Сөйтіп ол 5 маусымдағы шабуылдың үрейі сейілмеген қаланы дүрліктірді» деді прокурор. Мемлекеттік айыптаушы соттан Жақсылық Батановты үш жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Бүгін сот алдында соңғы сөзін айтқан Жақсылық Батанов өзіне тағылған айыпты толық мойындады. «Бір білместік жасағаны»үшін соттан жазасын жеңілдетуді сұрады.

Терроризм актісі туралы хабар түсе салысымен оқиға орнына жергілікті полицияның 43 қызметкері 16 техникамен жеткен. Одан бөлек төтенше жағдайлар департаменті, апат медицинасының мамандары да барған. Аталмыш мекеме басшылары айыпталушыдан жалпы сомасы 400 мың теңгеге жуық шығынды өндіріп беруді талап еткен болатын. Бұл шығындар сот үкімі күшіне енгеннен кейінгі бір ай мерзімде өтеліп болуы тиіс.

Дереккөз: Азаттық Радиосы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *