Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қырғызстанда Иракқа адамдар жіберген экстремист ұсталды

Бішкек. 9 наурыз.  Қырғызстан МҰҚК қызметкерлері адамдар тартып, оларды Сирия мен Иракқа жіберген ер адамды қолға түсірді. Бұл туралы ҚазАқпарат баспасөз орталығына сілтеме жасап  хабарлады.

Қырғызстанда лаңкестік ұяшықтар мен астыртын инфрақұрылым қызметін жоюға бағытталған ҚР МҰҚК лаңкестік бақылау шаралары барысында Ош облысы аумағынан «Джамаат Таухид ва Джихад» тобының белсенді қатысушысы  Қырғызстан Республикасының азаматы ұсталды.

Ведомство баспасөз қызметінен хабарлағандай, қылмысты  тергеу аясында оның Ош облысы аумағында Қырғызстан азаматтарының диверсиялық-лаңкестік дайындықтан өту және лаңкестік құрам жағында соғысқа қатысу үшін сирия-ирак аймағына жіберуді ұйымдастырғаны анықталды.

Ұсталған азаматқа қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір ер адам УҰИ-ға қамалды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *