Мәскеу. 13 наурыз. Дубровке қаласының театр орталығында болған терактіге қатысы бар күдікті Хасан Закаев дүйсенбі күні Мәскеудің әскери аймақтық сотында соңғы сөзін айтады. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
«Айыпталушы Закаев дүйсенбі күні сотта соңғы сөзін айтады, одан кейін судья сот шешімін шығаруға кетеді», — деп сот өкілі хабарлады.
Екі жақты пікір алмасу кезінде прокурор Закаевты 23 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.
Апат Дубровка қаласының мәскеулік тератр орталығында 2002 жылдың 23 -26 қазанда болды: бір топ лаңкестер «Норд-Ост» мюзиклнің көрермендерін және театр қызметкерлерін тұтқынға алды. Үш тәуліктен кейін арнайы топ қызметкерлері театр ғимаратын шабуылдады, лаңкестердің көзі құртылды, ал тірі қалған тұтқындар бостандыққа шықты. Теракт зардабынан 130 тұтқын мерт болды.
Дереккөз: РИА Новости