Лондон. 24 наурыз. «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы Лондондағы лаңкестікті өз мойнына алды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сенімді дереккөздің» хабарлауынша, шабуыл жасаушы ДАИШ сарбазы болған және террористердің коалиция (Таяу Шығыстағы лаңкестікпен күрес жүргізіп жатқан елдер) азаматтарына қастандық жасау туралы тапсырмасын орындаған.
Еске сала кетейік, сәрсенбі күні автокөлік Вестминстер көпірінде адамдарды таптап өткен. Кейін парламент ғимараты жанына барып тоқтаған лаңкестің көзі жойылды. Шабуыл жасаушы бір полицейге пышақ салып үлгерген, кейін сақшы ауруханада көз жұмды. Теракт кезінде 4 адам қаза тапты.
Дереккөз: ҚазАқпарат