Бахрейн. 27 наурыз. Бахрейнде елдің жоғары шенді лауазым иелеріне шабуыл жасауды жоспарлаған террористік топ құрықталды.
Арнайы операция барысында 14 террорист қамауға алынған. Алдын ала деректерге сәйкес, күдікті лаңкестердің ақпан айында орын алған автобус жарылысына да қатысы болуы мүмкін. Еске салсақ, сол уақытта автобус құқыққорғау органы қызметкерлерін тасымалдаған.
Бахрейн Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, аталмыш террористік топқа бахрейндік екі азамат жетекшілік еткен. Оның бірі АҚШ-та халықаралық террорист деп танылған.
Дереккз: E-ISLAM