Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Астанадағы кейбір нысандар лаңкестікке қарсы қорғаныс талаптарына сай емес

Астана. 29 наурыз. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында Астанадағы кейбір мемлекеттік және стратегиялық нысандар лаңкестікке қарсы қорғаныс талаптарына толық сай емес болып шықты. Бұл туралы Хабар 24.

Бұл туралы астаналық тәртіп сақшылар наурыз айы ортасында басталған «Учаске» жедел алдын алу шарасының кезектен тыс отырысында айтты. Соңғы екі апта ішінде құқық қорғау органдары елордадағы 241 мемлекеттік мекеме мен 10 стратегиялық нысанды тексерген. Талаптарға толықтай сай келмеген нысандарға кемшіліктерді жою туралы ескертулер берілді. Сонымен қатар көрме кезінде қалаға келетін меймандардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында 616 заңсыз жалға беруші пәтер иесі анықталды.

Азамат Садықов, Астана қаласының Сарыарқа АІІБ Жергілікті полиция қызметінің басшысы:

— Ол 616 пәтер бойынша мемлекеттік кіріс департаментіне ақпараттар берілді. Сонымен қатар жеке пәтер иелері кооперативтерімен бірге қосылып, осы жұмыстарды ары қарай жандандыру үстіндеміз. Жыныстық қатынасқа түсуге берілген пәтерлер анықталған жағдайда біз ол Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 453-бабына сәйкес, әкімшілік жауапқа тартамыз. Қазіргі таңда Астана қаласы бойынша 12 осындай пәтер анықталды.

Дереккөз: Хабар 24 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *