Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Париждегі қазақстандық туристерге теракті орнына бармау ұсынылды

Астана. 21 сәуір. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті кеше Париждің Елисей алаңында болған атысқа байланысты осы уақытта Францияның аталмыш қаласында жүрген қазақстандық туристерді қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске салайық, 20 сәуір күні кешке Париждің Елисей алаңында атыс болып, салдарынан бір полицей мерт болды, тағы екі адам жарақаттанды.

Бағдаршамдардың бірінде патрульдік автомобильдің жанына көлік тоқтаған. Одан автоматпен қаруланған ер адам шығып, құқық сақшыларына қарсы оқ жаудыра бастаған. Шабуыл жасаған ер адамның көзі жойылды, қазіргі уақытта оның сыбайласы іздестірілуде.

Парижге ол Бельгиядан пойызбен келгені хабарлануда. Сондай-ақ оқиға болған жерден өтіп бара жатқан шетелдік турист әйел жарақаттанды.

Франция президенті Франсуа Олланд болған оқиғаны терракті деп атады.

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті Париждегі қазақстандық туристерге оқиға болған орыннан, сондай-ақ адам көп шоғырланатын жерлерден алыс жүруге, полицейлердің нұсқаулықтарын орындауға кеңес береді. Францияға сапарлар ұйымдастыратын туроператорларға болуы мүмкін қауіптер мен қауіпсіздік талаптары туралы клиенттерді алдын ала ескерту ұсынылады», — делінген таратылған хабарламада.

Дерекөз: Қазақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *