Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жат ағымның жетегінде кеткен әйел Елбасына мұңын шақты

Астана. 26 сәуір. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы барысында төрт баланың анасы — Әсел Базарбаева дәстүрлі емес діни ағымның жетегінде қалай кеткенін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір сол кезді еске алсам, жаным түршігеді. Дін арқылы ондай манипуляцияны жасауға болатынын ойлаған да жоқпын. Мен адамның ойына кірмейтін нәрседен өттім. Кемсіту, жәбірлеу, моральды тұрғыда қысым көрсету — бәрі-бәрі болды. Алайда мен үшін ең асыл адамдар — ата-аналардан бас тартуың керексің деп айтқанда ол сенімнің дін емес екенін түсіндім. Сол тығырықтан шығуға батылым жетті», — деді Әсел Базарбаева.

Осы кезде ол шыдай алмай, жылап жіберді. Алайда ойын жинақтап, нақты ұсыныстарын жеткізді.

Оның айтуынша, қазіргі кезде діни экстремизмнің құрбанына айналған азаматтарға көмек көрсетіп отырған жөн.

«Бүгінде мен осы жұмыспен де айналысамын. Деструктивті идеялардан зардап шеккен әйелдерге моральдық жағынан көмек көрсетемін. Ондай адамдар аз емес. Мен діни ағымдардың жетегінде кеткен жүздеген адамды білемін. Алайда олардың бірен-сараңы ғана сол тығырықтан шығуға ниет білдіреді. Бізде «әрбір қазақ — жалғызым» деген сөз бар. Оларға да жалғызым деп қарайық. Ортамызға қайтуға көмектесейік. Ол үшін арнайы оңалту орталықтарын көптеп ашу қажет», — деп атап көрсетті Базарбаева.

Президент бұл бастаманы қолдады.

«Ондай орталықтар көп болуы керек. Әр өңірде қолдау қажет. Әкімдер, министрліктер өз көмектерін беруі тиіс», — деді Назарбаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *