Паттани. 10 мамыр. Таиландтың оңтүстігіндегі Паттани қаласында сауда орталығы жанында автокөлікте болған жарылыс салдарынан 42 адам жараланған. Екі адамның жағдайы өте ауыр деп хабарланды.
Автокөлікке мина қойған адамдар із жасырған. Қазір оларды іздестіріп жатыр.
Полиция бұл шабуылға қатысы болуы мүмкін деп елдің оңтүстігіндегі үш провинцияда әрекет ететін исламшыл сепаратистерден күдіктенеді. Таиландтан бөлінуді көксейтін сепаратистермен соңғы он жылда қарулы күрес барысында алты мыңнан астам адам қаза тапқан.
Дереккөз: Радио Азаттық