Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АҚШ билігі Огайо штатының тұрғынына ИМ көмектескені үшін айып тақты

Нью-Йорк. 12 мамыр. АҚШ билігі Дейтон (Огайо штаты) америкалық қаласының тұрғыны Лейси Валид Алеббиниге «Ислам мемлекеті» (Қазақстан аумағында тыйым салынған) террористік ұйымына қолдау көрсетпек болғаны үшін айып тақты. Бұл туралы ТАСС АҚШ әділет министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатқа сәйкес, 26 жастағы ер азамат террористік топ қатарына қосылмақ болған, Ол 26 сәуір күні Кентукки американдық штатындағы әуежайда ұсталынды. Сол уақыттан бері қамауда отыр. Егер Алеббиниді кінәлі деп таныса, онда ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетсек, 2016 жылдың қараша айында Огайо штатының басқа тұрғыны Мунир Абдулкадер, бұған дейін АҚШ аймағында әскерилерге шаубыл жасамақ болды деп танылған, сот үкімімен 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Дереккөз: ТАСС

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *