Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

1 маусымнан барлық өңірлік теміржол вокзалдарында жолаушылардың жүктері ішінара тексеріледі

Астана. 22 мамыр. 1 маусымнан барлық өңірлік теміржол вокзалдарында жолаушылардың қол жүктері мен багаждары ішінара тексеріледі, деп хабарлайды ҚР Инвестиция және даму министрлігінің ресми өкілі, Мұрат Жұманбай өз Facebook парақшасында.

«Жолаушылардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында 2017 жылдың ақпан айынан бастап еліміздің барлық теміржол вокзалдарында қол жүктері мен багаждарды тексеру кезең-кезеңімен енгізілуде. Осы жылғы 1 ақпаннан бастап Алматы-1 және Алматы-2 вокзалдарында тексеру енгізілді. Ал 1 сәуірден бастап Астана қаласы вокзалында тексеру ұйымдастырылды. Қалған 15 вокзалда (Қарағанды, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Орал, Қызылорда, Маңғышлақ, Атырау, Жамбыл, Шымкент, Бейнеу, Шу, Семей, Петропавл, Павлодар) тексеру 2017 жылдың 1 маусымынан енгізіледі»- деп хабарлайды Мұрат Жұманбай өз парақшасында.

Сонымен қоса, Елордада жаңадан пайдалануға берілетін «Астана — Нұрлы жол» вокзалында да осындай қауіпсіздік шаралары қарастырылған.

«2014 жылғы 16 қазандағы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген қағидаларға сәйкес террористік қауіптіліктің қандай да бір қауіп деңгейі жарияланбағанда не қауіптің бірқалыпты («сары») деңгейі жарияланған жағдайда жолаушыларды және келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын ішінара тексеріп қарау жүргізіледі. Ішінара тексеріп қарау қағидаты көлік инфрақұрылымы объектілерінде тексеріп қарау пункті қызметкерлерінің күдігін тудыратын жолаушылар мен келушілерге, олардың алып жүретін заттарына, оның ішінде қол жүгі мен багажына қолданылады. Қауіптің жоғары («қызғылт сары») және шекті («қызыл») деңгейі жарияланған кезде барлық жолаушылар мен келушілер, олардың алып жүретін заттары, оның ішінде қол жүгі мен багажы тексеріп қарауға жатады» — делінген хабарламада.

Дереккөз: Facebook

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *