Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Боко Харам» Нигерияда жарылыстар ұйымдастырды

Абуджа. 8 маусым. Нигерияда «Боко Харам» тобының содырлары Майдугури қаласына шабуыл жасады.

Олар мұнда атыс ашып, жанкештілердің көмегімен жарылыстар ұйымдастырған. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, бейбіт тұрғындар арасында адам шығыны бар. Алайда құрбандардың нақты саны әзірге белгісіз. Жергілікті билік қазір жағдайдың бақылауға алынғанын мәлімдеді.

Айта кеткен жөн, «Боко Харам» – негізінен Нигерияда әрекет ететін топ. Алайда қаскүнемдер көрші Нигер, Чад пен Камерунда да арам ойларын іске асырудан тайынбайды. Негізі жарты жыл бұрын билік бұл ұйымның жойылуға жақын қалғаны жайлы айтқан еді. Өйткені ол кезде экстремистердің бас лагері талқандалып, содырлардың өздері орманға қарай ығысқан болатын.

Дереккөз: Хабар 24 телеарнасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *