Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Орталық Азия елдерінің терроризмге қарсы күрес туралы жиыны Ашхабадта өтеді

Душанбе. 13 маусым. 2017 жылдың 13 маусым күні Ашхабадта Орталық Азия мен БҰҰ елдерінің Жаһандық контртеррористік стратегияларды жүзеге асыру бойынша жиын өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Кездесуге Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің министрлері мен жоғары шенді тұлғалар, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары мен контртеррористік агенттік құрылымдарының басшылары қатысады.

Аталған жиын БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришаның төрағалығымен өтеді. Кездесудің басты мақсаты БҰҰ-ның өңірлік деңгейдегі жаһандық контртеррористік стратегияны жүзеге асыру бойынша бірінші құжат саналатын Орталық Азия үшін біріккен іс-қимыл жоспарын орындауға шолу жасау болып табылады.

Бұл кездесу «Орталық Азиядағы БҰҰ-ның жаһандық контртеррористік стратегияны жүзеге асыру бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын орындау» жобасының екінші кезеңін қорытындылайтын іс-шара.

Еске салайық, жаһандық контртеррористік стратегия Бас Ассамблея консенсус негізінде 2006 жылы қабылдаған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *