Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қырғызстанда «халықаралық террорлық топтың» күдікті мүшесі ұсталды

Бішкек. 14 маусым. Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) хабарлауынша, елде «халықаралық террорлық ұйымның мүшесі» деген күдікті қырғыз азаматы қолға түсті.

Ресми мәлімет бойынша, ол 2014 жылдан бері экстремистік ұйым сапында болып, Сирия аумағындағы әскери қимылдарға белсенді түрде қатысқан.

Арнайы қызмет таратқан ақпаратқа қарағанда, күдікті террорлық ұйым басшысының нұсқауымен Қырғызстан аумағына өтіп, астыртын террорлық ұйым құру арқылы террорлық әрекеттерін жалғастыруды көздеген.

Тергеу органдары «жалданып соғысу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті арнайы қызметтің тереу абақтысында отыр. Тергеу жүріп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *