Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ФТБ: Әуежайдағы шабуылда теракт жасауға талпыныс болған

Нью-Йорк, 22 маусым. АҚШ ФТБ американдық Флинт (Мичиган штаты) қаласының әуежайында болған шабуылды террористік әрекет ретінде қарастырып отыр. Бұл туралы Федералдық тергеу бюросының арнайы агенті Дэвид Гелиостын айтты.

АҚШ-тың Мичиган штатында әуежайда канадалық азамат «Аллаху акбар» деп айқайлап, полиция қызметкеріне соқтықты.

Квебектің 49 жастағы тұрғыны Амор Фтухи бірден қамауға алынып, зорлық-зомбылық жасады деген сезікке ілінді.

Федералдық тергеу бюросының арнайы агенті Дэвид Гелиостың айтуынша, шабуыл терроризм актісі ретінда қарастырылып отырғанымен, қазір күдіктінің «кең ауқымды астыртын сөз байласуға» қатысы бары туралы дәлел жоқ.

«Қазір біз жалғызілікті әрекет еткен шабуылдаушы деп қарастырып отырмыз. Бізде оның қандай да бір дайындықтан өткені туралы ақпаратымыз жоқ» деді Гелиос.

Қылмыстық істе Фтухидің полиция қызметкері Джефф Невилльге «Аллаху акбар» деп айқайлап, үлкен пышақпен шабуылдағаны айтылады. Федералдық тергеу бюросының ақпаратына қарағанда, Фтухи «сендер Сирия, Ирак пен Ауғанстанда адамдарды өлтіріп жатырсыңдар және біз де өлейін деп жатырмыз» деген мағынадағы сөз айтқан

Ресми билік шабуылға ұшыраған полиция қызметкері емделгенін, қазір жағдайы қанағаттанарлықтай екенін айтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *