Вашингтон, 23 маусым. АҚШ 16 маусым күні «Аль-Каида» (Қазақстан аумағында тыйым салынған) террористік ұйымының үш лаңкесінің, сонымен қоса жергілікті «эмирдің» көзін жойды, деп хабарлайды АҚШ қолбасшылық орталығы (CENTCOM).
«АҚШ әскери күштері 16 маусым күні «Аль-Каида» (Йемен) террористік ұйымының үш лаңкесіне қарсы әуе соққы жасады… Ұйым эмирі Абу Хаттаб аль-Авлаки өзінің екі сыбайласымен бірге көз жұмды», — деп айтылған хабарламада.
Дереккөз: РИА Новости