Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Астана қаласында мамандардың теологиялық ағарту жөніндегі біліктілігін арттыру бойынша семинар-тренинг өткізіледі

БАСПАСӨЗ АНОНСЫ

Өтетін күні: 2017 жылдың 27-29 шілдесі, 10:00 сағаттан бастап.

Өтетін орны: Астана қ., «Әзрет Сұлтан» конференц-залы

Мемлекеттің, мемлекеттік емес сектордың және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) әлеуметтік ықпалдастығы аясында, мамандардың теологиялық ағарту жөніндегі біліктілігін арттыру бойынша семинар-тренинг.

Семинар-тренингтың бастығы: радикалданудың негізгі индикаторларын анықтау, еліміздің түрлі өңірлерінде ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізген кезде халықтың санасын экстремизмге қарсы қалыптастыру әдістеріне үйрету.

Теріс діни ағымды ұстанушыларды оңалту және бейімдеу бойынша жалпы әдістемелік қағидаларды анықтау және енгізу жөніндегі сынамалы жоба сегіз өңір мен Астана қаласында жүзеге асыратын болады. Бірінші кезеңде тренинг барынша дайындалған 14 имам мен теолог, ҚМДБ Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері үшін жүргізіледі.

«Лаңкестікке қарсы комитет» РҚБ-нің мамандары жоғары білікті мамандар – психолог Шәкімова Лола Сергеевна мен дінтанушы Денисенко Юлия Олеговна жүргізетін дәрістер мен тренингтердің тақырыптарды таңдауға мұқият көңіл бөлді. Семинарға Дін істері және азаматтық қоғам министрінің кеңесшісі Күлекеев Бақытжан Кенесұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Өтпенов Наурызбай қажы Тағанұлы мен «Лаңкестікке қарсы комитет» РҚБ президиумының төрағасы Оразбаев Аманжол Зейноллаұлы қатысады.

Тренингтерде түрлі психологиялық техникалар мен әдістемелер қарастырылады. Тестік тәртіпте жағдайға байланысты күрделі сұхбаттар жүргізіліп, кейінгі іс-әрекеттердің алгоритмі пысықталады.

Тренинг аясында келесі тақырыптар қарастырылады: отбасы ішіндегі қарым-қатынастар, мемлекет пен азаматтың қатынасы, жалған ағымдар және т.б. Теріс діни ұйымдар мен ағымдардың ықпалына түсіп қалған тұлғаларды оңалу және бейімдеу арқылы халықтың радикалдану деңгейін төмендету мақсатында, дәрістерде құқықтық және әлеуметтік қолдауға қатысты кеңесулерді жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар жасалады.

***

Семинар-тренингті «Лаңкестікке қарсы комитет» РҚБ Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетінің «Радикалды діни көз-қарастағы тұлғалар (еркін жамағаттар) арасында теологиялық ағартуды ұйымдастыру» жобасын жүзеге асыру аясында өткізеді.

сайт: http://ctc-rk.kz/, e-mail: astana050@ctc-rk.kz,

тел.: 8 (7172) 27 90 50, 24 80 40, моб.: 8-700-100-0011.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *