Талдықорған. 4 тамыз. Алматы облысы дін істері басқармасының Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында Алматы облысы, Талдықорған қаласы, «Көк базар», «Шаған», «Қарағаш», «Евразия» сауда үйлерінде 2017 жылдың 4 тамыз күні «OPENAIR» форматында «Жалған діни ұйымдарға кіріп кетпеудің амалдары» атты тақырыпта ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді. Бұл туралы Терроризмге қарсы комитетке Алматы облысы дін істері басқармасының өкілі хабарлады.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының мақсаты – Дін мәселелері жөнінде халықтың діни сауатын арттыруға, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында жалған діни ұйымдарға кіріп кетпеудің алдын-алу. Түсіндіру жұмыстарының барысында дәстүрлі ислам құндылықтарына кеңінен тоқталып, мағлұматтар берілді. Дәстүрлі емес исламдық ұйымдардан сақтану және оның алдын алу жолдары баяндалды.
Ақпараттық түсіндіру жұмыстарына 500-ден аса адам қамтылып, брошюралар мен бүктемелер таратылды.
Түсіндіру жұмыстарына Алматы облысы дін істері басқармасының Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы,Талдықорған қаласы ішкі саясат бөлімі, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.