Мәскеу. 28 шілде. Ресейдің федеральды қауіпсіздік қызметі (ФСБ) 28 шілдеде Санкт-Петербург транспортында теракт ұйымдастырмақ болған жеті күдіктіні ұстағанын мәлімдеді. Бұл туралы «Интерфакс» ақпарат агенттігі хабарлады.
Прокуратура ұсталғандардың есімін жариялаған жоқ, тек олардың Орталық Азиядан шыққанын айтқан.
3 сәуірде Ресейдің Санкт-Петербург қаласында метрода жасалған жарылыс салдарынан 14 адам қаза тауып, 50-ге жуық адам зардап шеккен. Қаза тапқандардың арасында Ресейде оқып жүрген Қазақстан азаматы Максим Арышев та болған.
Билік орындары «жанкештілік жарылысқа» күдікті ретінде Қырғызстан тумасы, Ресей азаматы Акбаржон Жалиловтың аты-жөнін жариялап, шабуыл кезінде оның өзі де қаза тапқаны туралы мәлімдеген. Ресей шабуылды Аброр Азимов ұйымдастырды дейді. Азимов өзіне тағылған айыпты мойындамайды.
Дереккөзі: Радио Азаттық