Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақтауда теологтардың білімін жеттілдіруге бағытталған семинарлар өткізілді

Маңғыстау. 8 тамыз. «Асар» ақпараттық-талдау орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы дін істері басқармасының тапсырысы негізінде өңірдегі теологтар мен мешіт имамдарына арналған семинар-тренинг жүргізілді.Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметі хабарлады. 

Шара аясында діни ағымға бой алдырудың себептері мен салдары көрсетіліп, осы салада қолданылып жүрген басты әдіс-тәсілдер туралы айтылды.

Семинар-тренингтың мақсаты —  радикалданудың негізгі себебін анықтау, аймақта ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізген кезде халықтың санасын экстремизмге қарсы қалыптастыру әдістеріне үйрету. Сондай-ақ, теріс діни ағымды ұстанушыларды оңалту және бейімдеу бойынша жалпы әдістемелік қағидаларды назарда ұстау.

Тренингте түрлі психологиялық техникалар мен әдістемелер де қарастырылды. Практика жүзінде түрлі күрделі сұхбаттар жүргізіліп, осындай кездері  іс-әрекеттердің  қандай болу керектігі туралы айтылды.

Дін мамандарының біліктілігін жетілдіруге бағыттталған кездесулер алдағы уақытта жалғасатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *