Алматы. 25 тамыз. «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының «Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен блогерлерге арналған дін мәселесі, діни экстремизмнің және терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық және оқыту тренингі туралы» атты мемлекеттік әлеуметтік тапсырысының аясында ағымдағы жылдың 28 және 29 тамыз аралығында жоғарғы санатты мамандарды жұмылдырумен блогерлер мен журналистер үшін мемлекеттік және орыс тілінде Алматы қаласында семинар-тренинг өткізеді.
Тренингті философия ғылымдарының докторы, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры (Астана қаласы) Әбуов Айдар Парқұлұлы және журналист, «Дінтанулық зерттеулер» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі, ҚР Үкіметінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің мүшесі, Дін істері және азаматтық қоғам саласындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі, «Діндерді зерттеу орталықтарының ассоциациясы» ЗТБ жетекшісі Денисенко Юлия Олеговна өткізеді.
Семинар-тренингтің мақсаты: экстремизм және терроризмнің алдын алу мәселелерін ашу бойынша мемлекеттік органдар мен БАҚ-тың өзара әрекеттесу тәсілдеріне оқыту, діни тақырыптар мен конфессияаралық келісімді баяндау, сондай-ақ, БАҚ арқылы тұрғындарға ақпарат жеткізудің тәсілдері мен әдістерін қарастыру.
Семинар-тренинг соңында журналистерге ұсыныстар беріледі және қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.
Өткізілетін орны: «Достық Үйі», Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 40
Ұйымдастыру жұмыстары және іс-шара өткізу бойынша проект менеджері Литвинова Нұрияға (8-707-42-0000-7) хабарласуға болады.