Өскемен. 24 қазан. ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Әйелдер мен қыздар» секторының жұмысын жаңа бағытқа көтеру мақсатында бірқатар тың шаралар жоспарлап, жүзеге асыра бастады, деп хабарлайды «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі.
Мұнда әсіресе әйелдер мен қыздар арасында діни сауаттылыққа жете мән беру, кері ағымдардың алдын алуға барынша назар аударылып отыр.
«Біз қыздар мен әйелдерге кері ағымдардың жетегінде кетіп адасудан сақтандыру мақсатында дұрыс діни түсінік беруді басты назарға алып отырмыз. Осы бағытта әрбір аудандармен тығыз қарым-қатынас жасау жолға қойылды. Қыздардың шеберлігін шыңдап, ұлттық қолөнерді дамытуға жұмылдырып, қайырымдылық бағытында да шаралар жасап отырмыз» деп атап өтті, осы мешіттің әйелдер мен қыздар ұстазы Нұрзиға Мұхаметқызы.
Өкілдіктің «Әйелдер мен қыздар секторы» өңірдегі барлық мешіттерде сектор жұмысын жандандыру бойынша шаралар жоспарлап отыр.