Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақтөбеде «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қорытындыланды

Ақтөбе. 16 қараша. «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы адамдарды жұмысқа орналастырып, кәсіп ашуды үйретті. Жат ағымның жетегінде жүрген адамдар дәстүрлі дінге оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының бас прокуроры Марат Қайыбжановтың сөзінше, «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қорытындыланды. Бұл жолы құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жерлігікті атқарушы билік пен сарапшы, теологтар Ақтөбенің 8 ауданында жұмыс істеді. Олар 50-ден астам ауылды аралап, 80 мыңнан астам адамды қамтыды. Түсіндіру жұмыстары кезінде арнайы 9 теолог шақырылды. Жоба кезінде Ақтөбе облысы, Хромтау ауданындағы мешітті жөндеу үшін 7,5 миллион теңге қажет екені анықталды. Сонымен қатар, екі мешітте жұмыс істейтін имамның жалақысы көтеріліп, ауылдың екі мешітіне имам тағайындалды.

Ақтөбе облыстық прокуратурасының хабарлауынша, «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы кезінде ауыл әкімдері тиімді кәсіп көздерін үйренді. Себебі, кез келген әкім алдына келген ауыл тұрғынына жаңа бизнес жоспарды ұсына білуі шарт.

«Қаржы институттары арқылы 184 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Ал 113 адам «Бизнес бастау» курсында білімін жетілдіріп, «Бизнес кеңесшісі» курсын тәмамдады. Мәселен, Байғанин техникалық колледжінде аспаз, тігінші, шаштараз мамандықтары бойынша 2 айлық курс ашылып, 15 адам оқытылды. Жобаның әлеуметтік қолдау бағыты бойынша 200-ден астам адам жұмысқа орналасып, балаларға жәрдемақы тағайындалды. Білікті дәрігерлер 600-ден астам адамға ем жүргізді. Оқушылар сауықтыру орталығына жолдама алып, ем-домды қажет ететін ауыл адамдар Ақтөбедегі ауруханаларға жіберілді. Мүгедектерге көмекші беріліп, «Жақыныңа көмектес» қайырымдылық акциясы кезінде 180 ауыл тұрғыны мен аз қамтылған отбасыға материалдық көмек берілді»,- деді Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ақтөбеде «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қорытындыланды

Жұмыс топтарының құрамына кірген теологтар мен сарапшылар деструктивті діни ағым жетегінде жүргендермен, соның ішінде түзету мекемелеріндегі сотталғандармен 60 кездесу өткізді. «Нәтижесінде 21 адам дәстүрлі исламды қабылдады, тағы 52-сі райынан қайтуға бейім»,- деді Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен облыс прокуроры Марат Қайыбжанов «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын іске асырған жұмыс тобын марапаттады.

«Көп жұмыс атқарылды. Қол жеткізілген жетістіктерге тоқталмай, халықтың өзекті әлеуметтік мәселелерін жүйелі түрде шешуді жалғастыру маңызды»,- деді өңір басшысы Б. Сапарбаев.

Айта кетейік, жобаны іске асыру кезінде терроризм тұрғысынан осал нысандар тексерілді. «Қару» жедел алдын алу шарасы кезінде — 26, «Мигрант» шарасы кезінде 40 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз пәтер жалдағандар, телефон сатып, такси қызметін ұсынғандар кәсібін тіркеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *