Астана. 16 қараша. ҰҚК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ішкі істер органдарын қатыстырумен 16 қараша күні операцияны іске асырды, оның шеңберінде терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру күдігі бойынша Сайрам ауданы мен Шымкент қаласының 11 тұрғыны ұсталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.
Көрсетілген адамдар «Whatsapp», «Telegram» мессенджерлерінде және Интернет әлеуметтік желілерінде «ДАИШ» және басқа да халықаралық террористік ұйымдардың экстремистік идеологиясын насихаттайтын материалдарды жүйелі түрде таратқан.
Экстремистік материалдар жалпы саны 400-ден астам қатысушысы бар 24 желілік қоғамдастыққа орналастырылған.
Тергеу және өзге де іс-шаралар жалғасуда.