Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Дональд Трамп Швейцариядағы Давос форумына қатысуды жоспарлап отыр

Давос. 25 қаңтар. Швейцарияда Давос дүниежүзілік экономикалық форумының алғашқы күні аяқталды. Алқалы жиында Канада премьер-министрі өндірісті автоматтандыру мен жаңа технологияларды жаппай енгізу мәселесіне тоқталып өтті.Бұл туралы Ха,ар 24 телеарнасы хабарлайды.

Ал Үндістан премьер-министрі өз сөзінде әлемдік қауымдастықты экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға шақырды. Сондай-ақ Нарендра Моди баяндамасының негізгі бөлігін адамзатқа төнген қауіптер тақырыбына, яғни жаһандық жылыну, лаңкестік пен оқшаулану саясатына арнады.

Нарендра Моди, Үндістан премьер-министрі:

— Бізді қазіргі жастар арасында кең тарап келе жатқан экстремизм мәселесі алаңдатып отыр. Форум қатысушылары осы түйткілді назардан тыс қалдырмауы тиіс. Көмір қышқыл газының ауаға бөлінетін мөлшерін азайту туралы да көп айтып жатамыз. Алайда оны іске асыру жағына келгенде, кейбір елдер нақты қадамдар жасап отырған жоқ. Үндістан үкіметі бұл бағытта ауқымды шаралар жоспарлап отыр. Олар 2022-ші жылға дейін орындалуы тиіс.

Биылғы форум 70-тен астам елдің мемлекет және үкімет басшыларының басын қосуы тиіс. Бұл рекордтық көрсеткіш болғалы тұр. Ал қатысушылардың саны 3 мыңға жуықтайды. Жоспар бойынша АҚШ президенттерінің ішінен соңғы 18 жылда алғаш рет форумға Дональд Трамп келеді деп күтіліп отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *