Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҰҚК: Атырау облысында ақша бопсалаған қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді

Атырау. 7 ақпан. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті, — деп хабарлайды  ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

«Үстіміздегі жылдың 31 қаңтарында ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша Департаменті жүргізген шаралар нәтижесінде, Атырау қаласында 2 жыл бойы Атырау-Астрахань, Атырау-Орал, Атырау-Бейнеу қалааралық  және халықаралық  бағыттарында жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын тұлғалардан жүйелі түрде ақшаларын қорқытып алумен айналысқан адамдар тобы құрықталды. Аталған бағыттарда 200-ге жуық автокөліктер жүріп-тұрған. Ай сайын әр көлік жүргізушісінен алым-салықтың көлемі 5 мыңнан 25 мың теңгеге дейін құраған.», — деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Сонымен қоса, ұсталғандардың деструктив бағыттағы бейдәстүрлі салафизм діни ағымын ұстанатыны және қылмыстық құқықбұзушылық ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі 2-тармақтары бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелгені хабарланды.

Алты адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *