Ұлыбритания. 15 ақпан. Ұлыбританиялық мамандар интернетте лаңкестікті насихаттайтын материалдарды анықтайтын жаңа технология ойлап тапты.
Бағдарлама аудио және видеоларға сараптама жүргізіп, лаңкестікке үндейтін тұстарын автоматты түрде таниды. Бұл туралы Корольдіктің ішкі істер министрлігі хабарлады. Сынақ барысында қосымша 94 пайыз нақты нәтиже берген. Мәселен, бағдарлама 1 миллионнан астам бейнероликті тексергеннен кейін адамның ой елегіне ең күдікті деген 50-ін ғана ұсынады. Министрлік өкілдерінің айтуынша, 2017 жылы ғаламтордағы 400 платформаның «Ирак пен Левант лаңкестік тобын» насихаттайтыны анықталған.
Айта кетейік, өткен жылы Ұлыбританияда бірнеше лаңкестік әрекет тіркеліп, оншақты адам қаза тапты. Осыған байланысты елдің премьер-министрі Тереза Мэй Корольдік террорлық қауіпке қарсы стратегиялық жоспарын қайта қарап, тәртіп сақшыларын қажетті құрылғылармен жабықтау керектігін мәлімдеді.