Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Теміртауда тұрғын үйде «бомба» барын хабарлаған адам ұсталды

Астана, 20 ақпан. Теміртауда терроризм туралы жалған хабар берген 58 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Sputniknews Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, ақпанның 18-інен 19-ына қараған түні «112» қызметіне белгісіз біреу хабарласып, жетінші шағын аудандағы №31 үйде жарылғыш құрылғы қойылғанын айтқан. Оқиға орнына жедел қызметтер аттанып, 17  тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды. ІІД қызметкерлері үйді тінтіп шыққанымен, бомба табылмаған.

«Іздеу шаралары барысында 58 жастағы мас қала тұрығын ұсталды. Күдіктінің қолында жедел қызметке қоңырау шалған ұялы телефоны болған», — деп хабарлады полиция.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *