Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Елордада «Алтыншы бекет» фильмінің тұсаукесері өтеді

Астана. 21 ақпан. Елордада терроризм мен экстремизммен күреске үндейтін «Алтыншы бекет» атты фильмнің тұсаукесері өтеді. Бұл «Хабар» Агенттігі мен «Аю синема» компаниясы бірлесе түсірген тың туынды.

Жасын Біркенов, тілші:

— 2010 жылы Ақтау түрмесінен 21 тұтқын қашпақ болады. Ұзақ дайындалады. Бірақ Ұлттық Ұлан сарбазы Ербол Отарбаев оларға тосқауыл қойды. Сөйтіп, ер есімі ел есінде қалды. Фильмнің басты мақсаты – Ұлттық ұлан сарбаздарының ерлігін жұртқа паш етіп, жастарды әскери борышты абыроймен өтеуге шақыру.

Айдос Тұрысбек, «Хабар» арнасының бас продюсері:

— Ерлік – ердің ісі. Елімізді осындай ерлеріміз арқылы танимыз. Мұны тек әскерилер емес, бүкіл халық білуі тиіс. Себебі ол кезден бері 8 жыл уақыт өтті. Ербол Отарбаев секілді азаматтардың ерлігін, қаһармандарды көпшілікке насихаттау керек. Фильм толық метражды түрде еліміздің барлық кинотеатрларында 15 наурыздан бастап көрсетіледі. Бұл фильмді Ресей нарығына шығару жоспарда бар. Бұл фильм 5 бөлімді минисериал түрінде «Хабар» арнасынан көрсетіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *