Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сайрамдық бес тұрғын «терроризм» айыбымен сотталды

Сайрам. 23 ақпан. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында «терроризмді насихаттады» және «діни алауыздықты қоздырды» деген күдікке ілінген он адамның бесеуіне үкім шықты. Бұл туралы Азаттыққа Сайрам аудандық сотының судьясы Дина Тойжанова хабарлады.

«Родикул Маккомбаев, Гафуржан Парпиев, Даниер Умаров, Махмуджон Худайбергенов, Фаррух Аскаров кінәсін мойындау түрінде процессуалдық келісім жасасып, Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігімен («Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру») айыпты деп танылды. Оларға алты жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді» дейді судья.

Үкім әзірге заңды күшіне енбеген.

2017 жылдың 16 қарашасы күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы департаменті мен ішкі істер органдары бірлесіп Сайрам ауданының он тұрғынын ұстаған. Ұсталғандар Қазақстан қылмыстық кодексі 256-бабының 2-бөлігімен («Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру») және 174-баптың 1-бөлігімен («Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру») күдікті деп танылған еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *