Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ұялы телефоныңызды тіркеуді ұмытпаңыз

Астана. 3 сәуір. Қазақстандықтар үшін осы жылдың соңына дейін атқарылуы тиіс маңызды істің бірі – ұялы телефондарды тіркеуден өткізу. Бұл талап заңмен бекітіліп, қазіргі күні Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мұрындық болуымен тіркеудің егжей-тегжейлі тәртібі мен механизмін әзірлеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Сонымен 2018 жылдың соңына дейін Қазақстанның аумағындағы ұялы байланыс желілерімен жұмыс істейтін барлық құрылғы тіркелуі қажет.

Телефонның IMEI-кодын тіркеуден өткізу – өткен жыл­дан бері елімізде қызу талқыланған мәселелердің бірі. Бұл бастама терроризм және экстремизммен күресті күшейту, сонымен қатар телефон ұрлығының алдын алу үшін қолға алынып отырғанын айтады құзырлы органдар. Жеке және заңды тұлғалардың ұялы байланыс құрылғыларын тіркеу міндеті 2016 жылы еліміздің «Байланыс туралы» заңына экстремизм мен терроризмге қарсы күресті күшейтуге бағытталған түзетулер пакетінің аясында енгізілген болатын. Бұл норманы Ішкі істер министрлігі мен ҰҚК бірлесе отырып әзірлеген-ді.

Дегенмен, тәжірибе көр­сет­кендей, діттеген іс-ша­раны жүзеге асыруға бұл өз­гер­тулер жеткіліксіз болды. Өйткені IMEI-кодтары бір­дей бірнеше құрылғының кез­десуі немесе біреудің қо­лын­дағы телефон IMEI-кодының басқа адамға тіркелуі ұялы телефонның нақты иесін анықтауда қиындық туғызды.

Мамандар осы жайттар­ды зерделей келе, жоғары­да­ғы талаптар іс жүзінде то­лық жұмыс істеуі үшін құрыл­ғының IMEI кодын қол­данушының ЖСН-ы (БСН) мен абоненттік нөмі­рі­не байланыстыру қажеттігін алға тартты. Осыған байла­ныс­ты 2017 жылғы 28 жел­тоқ­санда «Қазақстан Респуб­ли­касының ақпарат және бай­ланыс мәселелері бойын­ша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы мен «Байланыс туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің хабарлауынша, қазіргі уа­қытта тіркеудің нақты тала­бы мен тәртібі әзірлену үс­тінде. Сонымен қатар «Мем­лекеттік радиожиілік қыз­меті» мемлекеттік кәсіп­орнында деректерді сәйкес­тендіру кодының базасын құру, сондай-ақ оның жұмыс істеуіне қажетті тех­ни­калық дайындық жұмыс­тары жүргізіліп жатыр.

Осылайша нормативті-құқықтық актілерге тиісті түзетулер енгізіліп, ұялы бай­ла­ныс операторларының бар­лық техникалық дайындық жұмыстары тәмамдалғаннан кейін ұялы байланыс қыз­метін қолданушылардың бар­лығы өз телефондарын 2018 жылдың соңына дейін тіркеуге міндетті.

Министрлік өкілдерінің ай­туынша, азаматтарға оңтайлы болуы үшін тіркеу процедураларын барынша жеңілдетуге күш салынуда. Соның ішінде онлайн тіркеу де қарастырылып жатыр. Айта кету керек, тіркеу тегін атқарылады.

Телефонын тіркеуден өткізу үшін абоненттер мынандай ақпараттарды берсе жеткілікті:

— қолданыстағы теле­фон­дардың IMEI кодтары;

— жеке куәлігі немесе заңды тұл­ға­ны мемлекеттік тіркеу туралы куә­лігі;

— осы телефонда қол­да­нылатын абоненттік нөмір­лердің толық тізімі.

Тіркелгеннен кейін барлық жиналған деректер ұялы байланыс желісінің абоненттік бөлімшелерінің бі­рыңғай дерекқорында сақ­талады. Жоғарыда айтып өтке­німіздей, атал­ған іс-ша­раны жүзеге асыру үшін бір жыл уақыт беріліп отыр.

«Өндіруші белгілеген иден­ти­фикациялық коды бар және Қазақстан Респуб­ли­касының аумағында ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін ұялы байланыс абонентінің барлық құрылғылары тіркелуге тиісті. Ал 2019 жылдан бастап тіркелмеген абоненттердің ұялы телефондарына қызмет көрсетілмейді», деп хабарлайды Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кететін мәселе, на­рықта бірдей IMEI кодтары бар ұялы байланыс құрылғылары да кездеседі. Министрліктің хабарлауынша, егер сіз ұстап жүрген теле­фонның IMEI коды басқа або­нент атына тіркелгені анық­талса немесе абоненттік нөмі­ріңіз басқа адамға тіркел­ген болса оператор ол ұялы құрылғыны тіркемейді.

Сонымен қатар ми­нис­трлік қоғамды ақпарат­тандыру мақсатында ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, тіркеу рәсімдерін көпшілікке жеткізуді, бұған қоса тіркеуді неғұрлым жеңілдету бойынша іс-шараларды атқаруда.

Қамбар АХМЕТ,
«Егемен Қазақстан»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *