Астана. 18 сәуір. Терроризм және экстремизммен күрес барлық мүдделі тараптардың бірлескен күш-жігерін талап етеді, , деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.
Және онда халықаралық құрылымдардың ролі ерекше. Қазақстан Ислам ынтымақтастық ұйымымен осы саладағы серіктестікті дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінде Ұйымға мүше-мемлекеттер Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша әзірленген Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібі кодексі жобасын талқылауға белсенді түрде қосылды.
Наваф Алтхари, Ислам ынтымақтастық ұйымының терроризмге қарсы үйлестірушісі:
— Лаңкестіктен төнген қауіпті ескерсек, халықаралық серіктестікті нығайтудың маңызы зор болып тұр. Қазақстан осындай бастаманы ұсыну арқылы елдер арасындағы достық қарым-қатынастың беки түсуіне, шиеленістерді тұрақтандыруға, күрмеуі қиын мәселелерді шешуге өз үлесін қосып жатыр. Қазақ тарапына алғыс айта отырып, Ислам ынтымақтастық ұйымы сіздерді қолдайтындығын жеткізгім келеді.