Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жастармен өткен маңызды кездесу

Қостанай. 4 мамыр. Елбасы республикамыздағы жастардың еліміздің жарқын болашағы екендігіне нық сенеді. Себебі, қазіргі таңда Қазақстандағы түрлі салаларда жігіттер мен қыздар уақытпен санаспай еңбек етіп, мемлекетіміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосуда.

Алайда қазіргі таңда жастардың жат ағымдардың жетегінде кетпеу мәселесі аса маңызды. Сондықтан да болар, „Нұр Отан„ партиясының Таран аудандық филиалындағы жастармен өткен кездесуде осы өзекті жайға айрықша көңіл бөлінді.

Онда Рудный қаласындағы «Нұр» және Таран ауданының «Әйет» мешіттерінің бас имамдары Азамат Мұрзаханов пен Ислам Хамзин Отбасы және терроризм, жат ағымдары жайлы келелі әңгіме қозғады.

Бұл күндері дүниежүзінде терроризм және экстремизм хақында аз айтылып жатқан жоқ. Бұл орайда діни сауаттылықтың алар орны ерекше. Сондықтан қос имамның айтқан сөздерін жиналған жастар барынша ұйып тыңдады.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *