Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Арбау технологиялары: терроризм және экстремизмді алдын алу мәселері талқыланды

Павлодар. 11 мамыр. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік унивреситетінде студенттер мен магистранттар арасында діни сауаттылықты арттыру бойынша дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы университет баспасөз қызметі хабарлайды. 

_MG_1612

Кездесуді ұйымдастыруға философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы мұрындық болды.

Пікірталасқа Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің бас имамы Жолдас Бердімұратов, «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Нұрлан Қайырбеков, сонымен қатар, конфессияаралық қарым-қатынасты дамыту және сараптама Орталығы ақпараттық жұмыс бөлімінің жетекшісі Зайда Асанбаева қатысты.

_MG_1604

Әңгімелесу форматында өткен кездесу барысында кез келген қатысушы қызықтырған сауалдарын қойып, ойларын ортаға салды.

Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі филос.ғ.к, қауымдастырылған профессор (доцент) Майра Қожамжарованың айтуынша, дөңгелек үстелдегі негізгі идея – жастар арасында терроризм мен экстремизмді алдын алу.

_MG_1607

«Бүгінгі күні 106 елдегі жүз мыңнан астам блогер жастарды радикалды құрылымдарға арбаумен айналысады. Жастар көп уақытын әлеуметтік желілерге арнайды, сондықтан, интернетті пайдалану сауаттылығын арттыру қажет. Сонымен қатар, оларға арбау технологиялары туралы айту керек. Әр адам деструктивті ағымдарға түссе, заң алдында жауапқа тартылатынын ұмытпау керек», — дейді Майра Жанайдарова.

Сонымен қатар, студенттерге сенім қызметі туралы айтылды. Студенттердің жолдастары мен туыстары діни тұрғыдан қауіпті жағдайда болса, 32-50-50 нөміріне хабарласуға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *