Париж. 14 мамыр. Өткен сенбі күні, 12 мамырда сағат 21:30 Париждің Монсиньи көшесінде жаяу жүргіншілерге 20 жастағы Хамзат Азимов шабуыл жасаған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Тексеру барысында оның Шешенстан тумасы екені анықталды. Ол 2010 жылы Франция азаматтығын алған.
Хамзат Азимов адамдарға пышақпен шабуыл жасап 2 адамды өлтірді, 8 адамды жаралады. Өзі полицей оғынан көз жұмды. Куәгерлерге психологиялық көмек көрсетілді.
Оның ата-анасы қамауға алынды. Франция полициясы олардан түсініктеме алып жатыр.
Болған оқиғаны ДАИШ террористік ұйымы өз мойнына алды. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Франция тарихында Шешенстан азаматының теракті жасағаны алғаш рет. Францияда болған 140 терактінің 124-тін Франция азаматтары жасаған