Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Діни экстремизм — рухани дағдарыс»

Шиелі. 15 мамыр. Дүйсенбі күні, 14 мамырда оқырмандарға  діни экстремизм, терроризм терминдерінің мәнін ашу, адамгершілікке қарсы (антигуманды) сипатын түсіндіру мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  «Діни экстремизм рухани дағдарыс»  атты дөңгелек стол  өткізілді. Бұл туралы «Өскен өңір» қоғамдық-саяси газеті жазады.

Іс – шараға Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін істері мәселелерін зерттеу орталығының теологы Бақтияр Оспанов қатысып, экстремизм мен терроризмнің таралу себептері, оған қарсы әрекет түрлері жөнінде түсіндіре отырып, алдын алу шаралары кеңінен түсіндірілді.

Шара барысында студенттер топқа бөлініп сауалдарға жауап беріп, пікір алмасты. Қатысушыларға бейнеролик көрсетілді.

Шара соңында «Діни экстремизм — опат болудың жолы!» атты  кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *