Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Дін мәселелері жөніндегі республикалық топ Атырау облысында профилактикалық жұмыстар жүргізді

Атырау. 28 мамыр. Ағымдағы жылдың 21-25 мамыр күндері аралығында Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Атырау блысында ресми іссапармен болып қайтты, деп хабарлайды Muslim.kz.

Құрамында білікті теолог-дінтанушылар, психологтар, мемлекеттік органдар және мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері топтастырылған Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы профилактикалық жұмыстар жүргізу барысында деструктивті діни ағымдарды ұстанатын адамдармен атаулы жұмыстар жүргізуге айрықша көңіл бөлді.

Топ мүшелері Ершат Оңғаров, Мұқан Исахан және Төлеген Талдыбаевтар Жылыой ауданы Құлсары қаласының діни себептер бойынша жалпы білім беретін мекемелерге бармай жүрген балаларының ата-аналарымен жеке әңгімелер ұйымдастырса, Ахметова Гүлжәмилә, Нұрғалиева Динара және  Толғанай Мұстафиналар балаларына екпе жасатудан бас тартқан, деструктивті діни ағымдарды ұстанатын әйелдермен кездесті.

Сондай-ақ облыстың түзеу мекемелерінде діни экстремизм және терроризм үшін сотталған адамдармен кездесулер болды. Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы жұмысының аясында әйел жамағаты өкілдерімен, әйелдердің коммуникативтік және кәсіптік білім-білігін арттыруға бағытталған психологиялық тренингтер ұйымдастырылды.

Жалпы профилактикалық және жеке кездесулер өткізу барысында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері дін саласын реттейтін заңнамаларға енгізілген түзетулер мен өзгерістерді түсіндіруге барынша назар аударды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *